Что такое бжб тжб

БЖБ мен ТЖБ: бағалау жүйелері оқушы білімін дұрыс анықтай ма?

Бірнеше жылдан бері Қазақстан оқушылары жаңа бағдарлама мазмұнына сәйкес бөлім бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) және тоқсандық жиынтық бағалау (ТЖБ) тапсырып жүр. Оның бұрынғы бақылаудан айырмашылығы қандай? Тиімді тұсы бар ма? Кей ата-ана неге одан бас тартуды сұрайды? Тарқатып айтамыз.

Педагог не дейді?

БЖБ — бөлім бойынша жиынтық бағалау. Бір тоқсанда бірнеше бөлім болуы мүмкін. Оқушының әр бөлім бойынша білімі мен біліктілігін тексеру үшін осы БЖБ алынады. Тапсырманы орындауға 15-25 минут беріледі. Оған шамамен 10-18 балл қойылады.

ТЖБ — тоқсандық жиынтық бағалау, яғни әр тоқсан аяғында алынады. Оқушыларға оны орындау үшін 40 минут беріледі. Жұмысы 30 баллға дейін бағаланады.

Тарих пәнінің мұғалімі Майра Ауесбаева 2018 жылдан бері жаңа бағдарлама бойынша дәріс беріп жүр. Оның айтуынша, БЖБ мен ТЖБ қиын дүние емес.

Что такое бжб тжб. Смотреть фото Что такое бжб тжб. Смотреть картинку Что такое бжб тжб. Картинка про Что такое бжб тжб. Фото Что такое бжб тжб Майра Ауесбаева. Фото жеке архивінен

«Кезінде тапсырмаларды тест, диктант, бақылау жұмысы деп атайтынбыз. Ал қазір барлық пән бойынша алынатын бақылау жұмысын БЖБ және ТЖБ дейміз. Айырмашылығы осы ғана. Қазір оқушылардың қашықтан оқуына байланысты тек бір бөлім бойынша жиынтық бағалау жүргізіледі», — дейді мұғалім.

БЖБ және ТЖБ тапсырмаларында критерий мен дескриптор көрсетіледі. Критерий — баланың берілген материалды қандай шарттарға негіздеп орындағанын, меңгеруі керек екенін белгілейтін көрсеткіш. Ал дескриптор — тапсырмаларды орындау кезіндегі нақты қадамдарды көрсететін сипаттама.

Мысалы, тапсырма бойынша бала гүлдің суретін салуы керек. Оған мынадай критерий қойылуы мүмкін: тамырын, сабағынының суретін салу, гүл күлтелері домалақ формада болуы керек, кейін гүлді бояу қажет. Бала сол критерийге сүйене отырып, тапсырманы орындайды. Ал мұғалім әр шарттың орындалуына қарай бағалап отырады. Мысалы, гүл тамырын салғаны үшін 2 балл, күлтесін бейнелегені үшін 2 балл деген сияқты. Осы әдіс арқылы оқушы мен ата-ана қай тапсырма үшін қанша балл алғанын нақты біліп отырады. Меніңше, бұл — тиімді тәсіл. Мұғалім баланың әр тақырыпты қаншалық меңгергенін қадағалай алады. Ал оқушы тапсырманы терең зерттеп, өз бетімен іздене бастайды, логикасы дамиды. Теория тапсырмаларын түрлі жағдаймен байланыстыруды үйренеді, — дейді Майра Ауесбаева.

Педагогтың айтуынша, алғашқыда Білім және ғылым министрлігінен БЖБ және ТЖБ бойынша дайын сұрақтар берілген. Дегенмен ол тапсырмалар ашық дереккөзге жарияланып, оқушылар интернеттен жауабын көшіруді әдетке айналдырған. Сол себепті қазір әр мұғалім дәріс беретін пәні бойынша БЖБ және ТЖБ сұрақтарын өзі құрастырады.

Оқушылардың тапсырма жауабын интернеттен көшіретінін байқаған министрлік мұғалімдерге өз бетінше тапсырма дайындау туралы ұсыныс білдірді. Меніңше, бұл дұрыс шешім болды. Себебі әр баланың деңгейін оның мұғалімінен жақсы ешкім білмейді. Әр пән оқытушысы әр класс оқушыларының сыни ойлау қабілетіне, біліміне, дағдысына қарай сұрақтар дайындайды, — дейді мұғалім.

Дегенмен Майра Ауесбаева жаңа мазмұндағы бағалау жүйесінің артықышылығымен қоса бірнеше кем тұсы бар екенін де атап өтті. Оның айтуынша, кей баланың білімі әділ бағаланбайды. Ал электрон форматқа көшкен мұғалімдер жұмысы қайта қағазбастылыққа ауыса ма деп алаңдайды.

Кей оқушы сабаққа қатыспайды, тапсырманы орындамайды. Бірақ БЖБ мен ТЖБ кезінде жоғары балл алады. Ал тоқсан бойы белсенді қатысқан бала екі бақылау жұмысынан төмен баға алып қалып жатады. Мұндай кезде оқушыға әділ баға қою қиын. Сол себепті біз БЖБ мен ТЖБ-ға дейін оқушыны дұрыс бағалауға тырысамыз. Екінші мәселе — қағазбастылық. Офлайн сабақ кезінде БЖБ мен ТЖБ тапсырмасын А4 параққа шығару керек. Бір класта 20 бала бар десек, 40 парақ тапсырма дайындаймыз. Сонымен бірге мұғалім бір класқа ғана сабақ бермейтінін ескеріңіз. Осы кезде мұғалімдер қайтадан қағаз астына көміле ме деп уайымдайсың, — дейді мұғалім.

Ата-ана не дейді?

2020 жылы елде 25 мыңға жуық ата-ана бөлім үшін жиынтықты бағалауға (БЖБ) және тоқсан үшін жиынтықты бағалауға (ТЖБ) қарсы change.org порталындағы петицияға қол қойған. Олардың ішінде Алматы тұрғыны Айсәуле Жамыханова да бар. Оның айтуынша, БЖБ мен ТЖБ кесірінен 6 класста оқитын қызы күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан айырылған.

Түсте бастаған сабағын түнгі он-он бірде әрең бітіреді. Күніне 6-7 пән оқиды. БЖБ мен ТЖБ кезінде одан әрі қиналып кетеді. Енді ойлаңызшы, 7 сабақтан — үй тапсырмасы, 7 сабақтан — БЖБ. Балаға күніне 14 жұмыс ауыр емес пе? Таңнан кешке дейін телефон мен компьютердің алдында отырып мұрнынан қан аққан кез болды. Қызыма БЖБ мен ТЖБ үшін қатты алаңдамауын айтамын. Бірақ қорытынды бағасы соған қарай қойылатынын айтып, жанталасып жатады. Одан төмен балл алса, төмен баға қойылады екен. Сонда оған дейінгі талпынысы неге ескерілмейді?, — дейді ата-ана.

Алайда тағы бір ата-ана Назерке Бекболатова бұл пікірмен келіспейді. Оның айтуынша, БЖБ мен ТЖБ тапсырмалары балаға өз бетімен жұмыс істеуді үйретеді.

Балаға бұрынғыдай қатып қалған есеп-қисап, сұрақ-жауап берілмейді. Оқушының сыни ойлауына, логикасына қарай тапсырмалар беріледі. Ал бала іздену арқылы орындайды. Керісінше, оқушы өз бетімен жұмыс істеп, жауапкершілікті сезіне бастайды. Сол себепті аса дүрлігудің қажеті жоқ, — дейді ата-ана.

Министрлік не дейді?

Министр Асхат Аймағамбетов PISA және TІMSS халықаралық зерттеулерінде Қазақстанның нашар көрсеткішке ие болғанын айтады. Бұл ұйымдардағы халықаралық сарапшылар қазақстандық шәкірттердің сынақ-эксперименттер жүргізе алмайтынын анықтаған. Яғни біздің оқушылар ғылыми танымдарын жеткізе алмайды, теорияны өмірдегі жағдайлармен байланыстыруға шорқақ.

«Біз теорияға басы артық екпін түсіруден арылуға және оқушыны алған білімін практикада қолдануға үйретуге тиіспіз. Зерттеу көрсеткендей, біздің оқушылар негізінен күрделі мәтіндерді түсінбейді, одан басты ақпаратты бөліп алуды білмейді, өз көзқарасын негіздеуде және талдауда қиналады. Осы себепті білім беру мазмұнын жаңартудамыз. Яғни, оқыту әдістерін, бағдарламалар мазмұнын және құрылымын қайта қарап жатырмыз. Дәл осы жаңарған білім беруге көшуімізге байланысты БЖБ мен ТЖБ білім жүйесіне енгізілді. 5 балдық бағалау жүйесі әбден ескірді және білім беру жүйесінің қазіргі сұраныстарына сәйкес келмейді. Ал жаңа бағалау жүйесі Қазақстан аумағында жұмыс істиейтін халықаралық мектептердің тәжірибесіне негізделді», — дейді министр.

Білім және ғылыми министрі БЖБ мен ТЖБ-ның бірнеше артықшылығын атап өтті. Біріншісі — оқушы бағасы мұғалімнің көңіл-күйіне немесе қалауына тәуелді болмауы. Екінішісі — оқушының әр бөлімді қалай игергенін, деңгейін бақылап отыру. Үшіншісі — бағалаудың оқушы, ата-ана, мұғалім үшін де нақты әрі мқлдір болуы.

Сондықтан БЖБ мен ТЖБ-ны жоюды орынсыз деп санаймын, – деді Асхат Аймағамбетов.

Источник

ПРЕЗЕНТАЦИЯ коучинг БЖБ және ТЖБ

Что такое бжб тжб. Смотреть фото Что такое бжб тжб. Смотреть картинку Что такое бжб тжб. Картинка про Что такое бжб тжб. Фото Что такое бжб тжб

Описание презентации по отдельным слайдам:

Түркістан облысы Ордабасы ауданы І.Есенберлин атындағы жалпы орта мектебі Тақырыбы: ТБЖ және ББЖ тапсырмаларын құрастыру және зерделеу Орындаған: Ешенкулова Майя Комекбаевна 2018-2019ж

Жалпы мақсаты Мұғалімдерді жаңартылған білім беру мазмұны бойынша жұмыс жасау, ТБЖ және ББЖ тапсырмаларын құрастыру туралы түсінік қалыптастыру http://aida.ucoz.ru

Тренинг «Сатамын және сатып аламын» http://aida.ucoz.ru

Топқа бөлу «Сіз ұнатқан жеміс» http://aida.ucoz.ru

2-тапсырма “Конверттегі сұрақтар” 1-топ «Критериалды бағалау дегеніміз не?» 2-топ «Қалыптастырушы бағалау дегеніміз не?» 3-топ «Бөлім бойынша жиынтық бағалау дегеніміз не?» 4-топ «Тоқсан бойынша жиынтық бағалау дегеніміз не?»

Жиынтық бағалау принциптері Оқу мен оқытудың бір бірмен тығыз байланысы Объективтілігі, дұрыстығы және валидтілік Айқындығы және қол жетімділігі Үздіксіздігі. Бағыттылығын. http://aida.ucoz.ru

Бағалау процессін ұйымдастыру

ЖБ тапсырмаларын құрастыру кезеңдері http://aida.ucoz.ru

Тапсырма түрлері Жабық типті тапсырмалар Тест түрлері Сәйкестендіру Реті көрсету Салыстыру Ұқсастығын табу т.б. Ашық типті тапсырмалар Эссе Шығарма түрлері Өз ойын жеткізу Болжау Өз көзқарасын айту,білдіру т.б. http://aida.ucoz.ru

Что такое бжб тжб. Смотреть фото Что такое бжб тжб. Смотреть картинку Что такое бжб тжб. Картинка про Что такое бжб тжб. Фото Что такое бжб тжб

Курс повышения квалификации

Охрана труда

Что такое бжб тжб. Смотреть фото Что такое бжб тжб. Смотреть картинку Что такое бжб тжб. Картинка про Что такое бжб тжб. Фото Что такое бжб тжб

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Что такое бжб тжб. Смотреть фото Что такое бжб тжб. Смотреть картинку Что такое бжб тжб. Картинка про Что такое бжб тжб. Фото Что такое бжб тжб

Курс профессиональной переподготовки

Охрана труда

Ищем педагогов в команду «Инфоурок»

Что такое бжб тжб. Смотреть фото Что такое бжб тжб. Смотреть картинку Что такое бжб тжб. Картинка про Что такое бжб тжб. Фото Что такое бжб тжб

Номер материала: ДБ-280694

Не нашли то что искали?

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

Что такое бжб тжб. Смотреть фото Что такое бжб тжб. Смотреть картинку Что такое бжб тжб. Картинка про Что такое бжб тжб. Фото Что такое бжб тжб

Трехлетнюю олимпиаду среди школ запустят в России в 2022 году

Время чтения: 1 минута

Что такое бжб тжб. Смотреть фото Что такое бжб тжб. Смотреть картинку Что такое бжб тжб. Картинка про Что такое бжб тжб. Фото Что такое бжб тжб

Псковских школьников отправили на дистанционку до 10 декабря

Время чтения: 1 минута

Что такое бжб тжб. Смотреть фото Что такое бжб тжб. Смотреть картинку Что такое бжб тжб. Картинка про Что такое бжб тжб. Фото Что такое бжб тжб

В России утверждены новые аккредитационные показатели для школ и колледжей

Время чтения: 2 минуты

Что такое бжб тжб. Смотреть фото Что такое бжб тжб. Смотреть картинку Что такое бжб тжб. Картинка про Что такое бжб тжб. Фото Что такое бжб тжб

Учителям предлагают 1,5 миллиона рублей за переезд в Златоуст

Время чтения: 1 минута

Что такое бжб тжб. Смотреть фото Что такое бжб тжб. Смотреть картинку Что такое бжб тжб. Картинка про Что такое бжб тжб. Фото Что такое бжб тжб

Путин поручил не считать выплаты за классное руководство в средней зарплате

Время чтения: 1 минута

Что такое бжб тжб. Смотреть фото Что такое бжб тжб. Смотреть картинку Что такое бжб тжб. Картинка про Что такое бжб тжб. Фото Что такое бжб тжб

В России планируют создавать пространства для подростков

Время чтения: 2 минуты

Подарочные сертификаты

Ответственность за разрешение любых спорных моментов, касающихся самих материалов и их содержания, берут на себя пользователи, разместившие материал на сайте. Однако администрация сайта готова оказать всяческую поддержку в решении любых вопросов, связанных с работой и содержанием сайта. Если Вы заметили, что на данном сайте незаконно используются материалы, сообщите об этом администрации сайта через форму обратной связи.

Все материалы, размещенные на сайте, созданы авторами сайта либо размещены пользователями сайта и представлены на сайте исключительно для ознакомления. Авторские права на материалы принадлежат их законным авторам. Частичное или полное копирование материалов сайта без письменного разрешения администрации сайта запрещено! Мнение администрации может не совпадать с точкой зрения авторов.

Источник

Қашықтықтан оқыту кезеңінде БЖБ және ТЖБ жүргізу

Мұғалімдерге арналған бейненұсқаулық. Күнделік жүйесінде БЖБ және ТЖБ өткізу.

Оқушыларға арналған бейненұсқаулығы осы мәтіннің аяғында.

Карантин кезеңінде БЖБ және ТЖБ әдеттегі режимде жүргізуге мүмкіндік жоқ. Қашықтықтан оқытуға көшумен қорытынды аттестаттауды өткізу дайын функционалдың көмегімен Күнделік жүйесінде жүзеге асырылады.

Егер БЖБ / ТЖБ өткізу «Сұрақ – Жауап» форматында жүзеге асырылған жағдайда, төменде жазылған нұсқаулықты пайдалана отырып, БЖБ және ТЖБ жүргізуді жүзеге асыруды ұсынамыз.

Тест нұсқаларымен файлдарды дайындау

Оқушыларға пән бойынша сұрақтар тізімін ұсыну үшін сұрақтармен файлдарды дайындау және оларды тиісті атаумен сақтау қажет.

Что такое бжб тжб. Смотреть фото Что такое бжб тжб. Смотреть картинку Что такое бжб тжб. Картинка про Что такое бжб тжб. Фото Что такое бжб тжб

Ескерту: егер БЖБ / ТЖБ өткізу нұсқаларға (A, B, C және т.б.) бөлуді білдірсе, онда сұрақтардың нұсқаларын бөлек файлдарда сақтау қажет.

Что такое бжб тжб. Смотреть фото Что такое бжб тжб. Смотреть картинку Что такое бжб тжб. Картинка про Что такое бжб тжб. Фото Что такое бжб тжбОқушылар дайын файлдарға жауап бере алу үшін Word форматында файлдарды бекіту ұсынылады.

БЖБ / ТЖБ өткізу күні мен уақыты туралы сыныпқа хабарлау

Қорытынды аттестаттауды өткізу алдын Жүйені немесе бөгде ресурстарды пайдалана отырып, сыныпқа хабарлама жариялау ұсынылады.

Что такое бжб тжб. Смотреть фото Что такое бжб тжб. Смотреть картинку Что такое бжб тжб. Картинка про Что такое бжб тжб. Фото Что такое бжб тжб

Ескерту: хабарландыруды жариялағаннан кейін сынып қатысушыларына ақпаратпен танысу туралы түсініктеме қосу қажеттігі туралы хабарлау ұсынылады.

Жүйеге сұрақтар бар файлдарды қосу

БЖБ / ТЖБ өткізу үшін үй тапсырмасының парақшасында (бұдан әрі-ҮТ) сұрақтар қойылған файлдарды бекіту қажет.

Ол үшін сынып кестесіне сәйкес, ағымдағы келесі «Сабақ парақшасына» өту керек. (Мысалы, бүгін 5 мамыр, сабақ парақшасынан ҮТ беру үшін 8 мамырдағы сабақ парақшасына өту керек).

Что такое бжб тжб. Смотреть фото Что такое бжб тжб. Смотреть картинку Что такое бжб тжб. Картинка про Что такое бжб тжб. Фото Что такое бжб тжб

Егер бірнеше нұсқаны көрсету қажет болса, қосымша ҮТ жасау және оларды жеке-жеке беру қажет. ҮТ берген уақытта «Сақтау және әзірше бермеу» бастырмасына басу кажет.

Что такое бжб тжб. Смотреть фото Что такое бжб тжб. Смотреть картинку Что такое бжб тжб. Картинка про Что такое бжб тжб. Фото Что такое бжб тжб

ҮТ тіркелетін сұрақтардың нұсқасына сәйкес оқушыларды құс белгісімен белгілеу. Кейін таңдалған оқушыларға ҮТ беру қажет.

Что такое бжб тжб. Смотреть фото Что такое бжб тжб. Смотреть картинку Что такое бжб тжб. Картинка про Что такое бжб тжб. Фото Что такое бжб тжбТапсырмалардың екінші нұсқасын беру үшін қосымша ҮТ жасау және оны қалған оқушыларға беру қажет.

ҮТ беру және оның күйі туралы ақпарат «Үй тапсырмаларымен жұмыс істеу» мақаласында орналасқан.

Ата-аналар мен балаларға арналған ҮТ файлды бекіту туралы ақпарат «Кесте, ҮТ және бағаларды қалай көруге болады?» мақалада толық сипатталған.

Ескерту: оқушылардың жауаптары тексерілгеннен кейін, БЖБ / ТЖБ қорытындысы сынып журналына қойылады.

Оқушыларға арналған нұсқаулық. БЖБ және ТЖБ нәтижелерін Күнделікке бекiту

Источник

«Жаңа форматта БЖБ және ТЖБ жасау үлгілері» коучинг сабақ

Что такое бжб тжб. Смотреть фото Что такое бжб тжб. Смотреть картинку Что такое бжб тжб. Картинка про Что такое бжб тжб. Фото Что такое бжб тжб

Описание презентации по отдельным слайдам:

Описание слайда:

Free powerpoint template: www.brainybetty.com
1
«Жаңа форматта БЖБ және ТЖБ жасау үлгілері»
коучинг сабақ
Кентау қаласы Қарнақ ауылы-2020
«25» қаңтар 2020 жыл.
Коуч мұғалім: Сайденов Сухраб.

Описание слайда:

Free powerpoint template: www.brainybetty.com
2

Описание слайда:

Free powerpoint template: www.brainybetty.com
3
КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУ ЖҮЙЕСІ
Оқушылардың жетістіктерін критериалды бағалау әдісі көптеген шет елдерде кең таралған, өйткені бұл технология барынша шынайы, нақты және валидті болып табылады. Мұғалім бағалау критерийлерін анықтауды үйренуі керек.
БАҒАЛАУ ҚАҒИДАТТАРЫ
Критериалды бағалау келесі қағидаттарға негізделеді:
• Оқыту мен бағалаудың өзара байланысы. Бағалау оқу бағдарламасындағы мақсаттармен, күтілетін нәтижелермен тікелей байланысты оқытудың ажырамас бір бөлігі болып табылады. Критериалды бағалау жүйесінен дұрыс қолдану бұл БЖБ және ТЖБ болып табылады. БЖБ және ТЖБ қортында баға шығару үшін алынады.

Описание слайда:

Free powerpoint template: www.brainybetty.com
4
1. Бірінші бөлікке БЖБ да алынған дайын тапсырмалар сіздің оқушыларыңызға түсініктіме?
2. Екінші бөлікке ТЖБ да алынған дайын тапсырмала сіздің оқушыларыңызға түсініктіме?
3. БЖБ және ТЖБ да дайын тапсырмаларды оқушыларыңыз орындау кезінде оқушыларыңыз қыйыншылық туама?
4. БЖБ және ТЖБ да дайын тапсырмаларды оқушыларыңыз орындау кезінде дәл уақытта біте алама?
5. Дайын тапсырмаларға көңліңіз толама?
6. Дайын тапсырмалардның есептері сіз әр күні өтіп жүрген тапсырмалардан айырмашылығы барма?
7. Дайын тапсырмаларды беруден алдын өздеріңіз орындап көріп сосын бересіздерме?
8. БЖБ және ТЖБ тапсырмаларын өзіңіз құрастырасызба?

Описание слайда:

1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
«Жазықтағы векторлар» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Free powerpoint template: www.brainybetty.com
5

Описание слайда:

Free powerpoint template: www.brainybetty.com
6

Описание слайда:

Free powerpoint template: www.brainybetty.com
7
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы
2019-2020 ОҚУ ЖЫЛЫНДА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ОРТА БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА ОҚУ-ТӘРБИЕ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
ТУРАЛЫ

Описание слайда:

8
Миға шабуыл
Бағалауға арналған тапсырма әзірлеу кезінде нені ескеру керек?
Бөлім бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырма құрастыру алгоритмі қандай қадамдардан тұрады?

Описание слайда:

9
Бағалауға арналған тапсырма әзірлеу кезінде ескеретін ұсыныстар
1. Сыныпта меңгерген материалды бағалаңыз
2. Оқушылардан берілген дереккөздер арқылы дұрыс жауабы бар 1 немесе 2 тапсырма құрастыруды сұраңыз
3. Жұмысты орындауға қанша уақыт қажет екенін анықтау үшін төмендегі ақпараттарды қолданыңыз:
шындықты анықтау тапсырмасы үшін 30 секунд
көп таңдауы бар тапсырма үшін 60 секунд
қысқа жауапты қажет ететін тапсырма үшін 120 секунд
толық жауапты қажет ететін тапсырмаға/эссеге 10-15 минут
жұмысқа шолу жасау үшін 5 минуттан 10 минутқа дейін
4. 50-70% кем емес оқушылар жауап бере алатындай немесе орташа күрделілігі бар тақырыпты таңдаңыз
5. Сенімділік тұрғысынан барынша ұзақ құрылған тест сенімді деп есептеледі
6. Есіңізде болсын, оқулықтағы көптеген тест тапсырмаларының жоғары деңгей дағдыларын бағалауы өте сирек кездеседі.

Описание слайда:

Free powerpoint template: www.brainybetty.com
10
Блум таксаномиясы

Описание слайда:

11
Оқу бағдарламасына шолу
Бағалау критерийлері
Ойлау дағдыларының деңгейі
Тапсырмалар
Дескрипторлар мен балдар
Оқу жетістігі деңгейлері
Бөлім бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмаларды құрастыру алгоритмі

Описание слайда:

12
Иә/Жоқ?
Бөлім бойынша жиынтық бағалау

Описание слайда:

13
Бөлім бойынша жиынтық бағалау:
тапсырма әзірлеу
Дескриптор деген не?

Дескрипторларды құрастырғанда нені ескеру керек?

Описание слайда:

Дескрипторлар
14
Дескриптор – тапсырмаларды орындау кезіндегі әрекетті көрсететін сипаттама.
Дескриптор оқушының қиындықтарын анықтауға және кері байланыс ұсынуға мүмкіндік беруге көмектесуі қажет.
Тапсырмалардың дескрипторлары тапсырмаларды орындаудың қай кезеңінде оқушыларда қиындықтар туындайтынын анықтауға мүмкіндік беретіндей болуы керек және бағалау кезінде мұғалімнің шешімі объективті болуы үшін анық, нақты болуы қажет.
Дескрипторларды тиянақтау кезінде «біледі», «түсінеді», «жасайды» және т.б. сияқты фразаларды қолданбаған дұрыс. Мұндай мазмұндағы сөздер бағалауға қиындық туғызады және тапсырмаларды орындау кезіндегі нақты әрекеттерді сипаттамайды.

(Мұғалімге арналған нұсқаулықты қараңыз)

Описание слайда:

Дескрипторлары көрсетілген тапсырманың мысалы
15
Сандарды салыстырыңыз:

Описание слайда:

Free powerpoint template: www.brainybetty.com
16
Бөлім бойынша жиынтық бағалау: дескрипторлар
(Robert Good, 2017)

Описание слайда:

«Жазықтағы векторлар» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика.
Білім алушының аты-жөні:____________________________________________________________
Free powerpoint template: www.brainybetty.com
17

Описание слайда:
Описание слайда:

19
Дұрыс/Бұрыс?
Сұрақ жауап
Мұғалімнің уәжі

Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

Источник

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *